Қытайда есірткі заттарын тасымалдады деген күдікпен Қазақстан азаматы ұсталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қытайда есірткі заттарын тасымалдады деген күдікпен Қазақстан азаматы ұсталды

11.03.2019

Қытайдың құқық қорғау органдары Қазақстан азаматын тұтқынға алды. Юлия Ходева есімді қыз есірткі заттарын сақтау және тарату күдігімен ұсталып отыр. Оның ата-анасына біздің консулдық өкілдері кәсіби әрі сенімді адвокат жалдауға көмектескен.

Қытайдың заңы бойынша қорғаушы жергілікті жерден болуы тиіс. Олар бүгін бірінші рет кездесіпті. Еліміздің Сыртқы істер министрлігінің мәліметінше, Юлия консулдық есепте тұрмаған. Сол жақта 6 жылдан бері білім алып жүген. Оқуды бітіруіне 3 айға жуық уақыты қалғанда қылмыстық жағдайға тап болды.

Айбек Смадияров, ҚР СІМ баспасөз хатшысы:

- Біздің Шанхайдағы бас консулдық бұл мәселені бірінші күннен бастап өз бақылауына алды. Аптаның соңына дейін біздің консул уақытша ұстау изоляторына барып, Юлиямен кездесуді жоспарлап отыр. Біздің консулдықтың қызметкерлері оның ол жақта оқып жүргенін, бар-жоқтығын білмеген. Сондықтан шетелде жүрген барлық қазақстандық студенттерге айтарымыз, міндетті түрде консулдық мекемелерге барып, есепке тұруын ескертеміз.

Нысаналы ЫҒЫЛ

Хабарламаларға жазылу