ШЫҰ кеңістігіндегі қауіпсіздік мәселелері талқыланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ШЫҰ кеңістігіндегі қауіпсіздік мәселелері талқыланды

15.09.2020

Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Әсет Исекешев Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше елдердің қауіпсіздік кеңестері хатшыларының он бесінші кездесуіне қатысты. Бейнеконференция форматында өткен жиында қауіпсіздік, терроризм, экстремизм, сепаратизм мен есірткінің заңсыз айналымына қарсы күрес мәселелері талқыланды. 

Трансшекаралық ұйымдасқан қылмысқа қарсы өзара іс-қимылды тереңдету, халықаралық ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жайы да сөз болды. Әсет Исекешев қатысушыларды COVID-19-ға қарсы іс-қимыл бойынша Қазақстанның қабылдап жатқан шаралары туралы хабардар етті. Санитарлық-эпидемиологиялық сипаттағы қауіптердің өзектілігін атап өтіп, серіктестерді өзара іс-қимылды жолға қоюға шақырды. Шара барысында Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Қазақстанның қауіпсіздікті қамтамасыз ету жолында ынтымақтастықты нығайту бағытын қолдайтынын растады.

   

Досжан Маратұлы

Хабарламаларға жазылу