Қарағандыда қаскөй көлікпен зираттарды бұзған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қарағандыда қаскөй көлікпен зираттарды бұзған

15.09.2020

Қарағандыда жүк көлігімен зиратқа кіріп, молаларды талқандаған күдікті іздестіріліп жатыр. Қаскөй ауыр техникамен зираттағы 13 бейіттің қоршауын бұзып, естелік тақталарын тас-талқан еткен. Марқұмдардың туған-туыстары полицияға шағымданған. Тәртіп сақшылары оқиға орнынан көлік іздерін анықтап, түрлі айғақ заттарды алған. Қылмыстық іс қозғалып, күдікті іздестіріліп жатыр. 

Болатбек Сағынаев, қалалық Киров полиция бөлімі басшысының орынбасары:

- Тергеу тобын шақырып, іс қозғадық. 

Руслан Нұрланұлы


Хабарламаларға жазылу