Германияда жүздеген саясаткердің компьютерлерін 20 жастағы студенттің бұзғаны анықталды

09.01.2019

Германияда жүздеген саясаткердің, журналистің, қоғам қайраткерлері мен шоу-бизнес жұлдыздарының компьютерлерін бұзған адам – 20 жастағы студент болып шықты. Ол бұл кибершабуылды жалғыз өзі жасаған. Мұны сейсенбі күні өткен баспасөз маслихатында Франкфурт қоғамдық прокуратурасының өкілі Георг Унгефук мәлімдеді. Оның айтуынша, студент белгілі адамдар жасаған кейбір мәлімдемелерге ашынғандықтан, осындай қылмысқа барған. Қаскөй танымал тұлғалардың жеке мәліметтері мен жазған хаттарын интернетте жариялап жіберген.

«Бильд» журналының дерегінше, оның әрекетінен бас-аяғы 405 саясаткер зардап шегіпті. Солардың қатарында канцлер Ангела Меркель мен президент Франк-Вальтер Штайнмайер бар.

Арыстан РЫСБЕК

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу