Ақтаулық азамат құрылыс қалдықтарымен тұрғын үйінің кіреберісін ерекше безендірген - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтаулық азамат құрылыс қалдықтарымен тұрғын үйінің кіреберісін ерекше безендірген

15.09.2020

Ақтаулық азамат Сергей Наумов өзі тұратын үйдің кіреберісін ерекше үлгіде сәндеп алған. Ол үшін тұрғынға су жаңа материал да артық ақша да қажет болмады. Шебер қолына түскен қалдықтарды ғана кәдеге жаратқан. Кафельден мозаика түзіп, қабырғаны ағашпен безендірген ақтаулық сұрықсыз подъездге өзгеше өң беруге тырысқан. Тіпті қабырғаларға түрлі картиналар да іліп қойыпты. Әр жерде қоқыста жатқан құрылыс қалдықтарын ерінбей жинап-теріп те кәдеге жаратқан. Бұл мұқият жұмысқа азамат бір жылын сарт етті. 

Аягөз Оралбайқызы

Хабарламаларға жазылу