Ақтөбеде КСРО паспортымен жүргендер бар - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтөбеде КСРО паспортымен жүргендер бар

15.09.2020

Ақтөбе облысында әлі күнге дейін 1974 жылғы үлгідегі КСРО паспортымен жүрген 81 тұрғын бар. Тек Мәртөк ауданының өзінде құжатсыз және туу туралы куәліксіз тұратын 18 азамат анықталған.

Мамандар оның себебін тұрғындардың заңды дұрыс білмеуімен түсіндіреді. Әсіресе, алыс ауылдағылар анықтаманы қайдан, қалай алуды білмейді. Салдарынан әлеуметтік, медициналық және құқықтық көмектен айырылады. Мәселен, ескі пасортпен жүргендердің көбі ешқашан ресми жұмыс істеп, зейнетақы алып көрмеген. Қазір мұндай азаматтарға құқықтық көмек көрсетіліп, құжаттары рәсімделіп жатыр.

Сапар Амантаев, облыстың Көші-қон қызметі басқармасының аға инспекторы:

- Құжатты қалпына келтіру үшін орта есеппен алты ай, тіпті одан да көп уақыт кетеді. Оның барлығы қай елдің азаматы жүгінгеніне және оның қанша уақыт бойы құжатсыз жүргеніне байланысты. Кейде колында бірде-бір құжаты жоқ адамдар келіп жатады.

Жаксыбек Кемал

Хабарламаларға жазылу