Елордада су құбырларын зақымдаған компанияларға айыппұл салынды
Жұмыстарына салғырт мердігер компанияларға 5,5 млн теңге айыппұл салынды. Бұл туралы елорда әкімінің орынбасары Нұрлан Нұркенов мәлімдеді. Керей-Жәнібек хандар көшелерінің бойында жүргізілген құрылыс салдарынан су құбыры желілері зақымдалып, 8 тұрғын үй кешенінің тұрғындары тіршілік нәрінсіз қалған еді. Жауапты «Электросеть» серіктестігі 4,5 млн теңге айыппұл арқалады. «ҚазГерСтрой» компаниясы да экскаватормен шойын су құбырын жарып алып, 3 тұрғын үй кешені мен Еуразия Ұлттық университетінің бір корпусы сумен қамтамасыз етілмеді. Айыппұл сомасы 900 мың теңгеден асты. Енді осындай ағаттық қайталанбас үшін қала әкімдігі инженерлік желілерді цифрландыруға көшті.
Нысаналы Ығыл
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Азия ойындары: қоржындағы медаль саны - 12
22.09.2026, 20:30
Қоқыс өңдеуге 200 млрд теңге бөлінеді
22.09.2026, 20:20
Скринингтен өту қажеттігі туралы хабарлама жіберіледі
22.09.2026, 20:19
Кәсіпкерлерге арналған реестр құрылды
22.09.2026, 20:18
Қайтарылған активтер есебінен екі мектеп бой көтерді
22.09.2026, 20:17
2-4 сынып оқушыларының 4 пәннен білімі тексеріледі
22.09.2026, 20:16
Бүгін БҰҰ Бас Ассамблеясының 81-сессиясы ашылады
22.09.2026, 20:13
PISA-2025: Сандар сөйлейді, нәтиже не дейді?
22.09.2026, 20:12