Алматы облысында коронавирус індетінің екінші толқынына дайындық жүруде - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматы облысында коронавирус індетінің екінші толқынына дайындық жүруде

09.09.2020

Алматы облысында коронавирус індетінің болуы мүмкін екінші толқынына дайындық жүріп жатыр. Осыған орай Қытайдан 50 оттегі концентраты жеткізілді. Бұл медициналық жабдықтар коронавирустық инфекциямен ауыратын науқастарды емдеуге қолданылады. Препараттарды көрші елдің ұлттық мұнай-газ компаниясы тегін беріп отыр. 

Ли Юнг Хонг, Қытайдың ұлттық мұнай-газ компаниясының бас директоры: 

- Сыйға тартып отырған медициналық жабдықтар болашақта Алматы облысының тұрғындарына пайдасын тигізеді деп сенеміз. Екі ел арасындағы экономикалық ынтымақтастық қарқынды дамып келеді. Біз әрқашанда көмек көрсетуге дайынбыз.




Хабарламаларға жазылу