Әрбір бесінші қазақстандық жасөспірім буллинг құрбаны немесе қатысушысы болады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әрбір бесінші қазақстандық жасөспірім буллинг құрбаны немесе қатысушысы болады

09.09.2020

Қазақстанда әрбір бесінші жасөспірім желідегі бұзақылықтан зардап шегеді немесе өзі әлімжеттік көрсетеді. Көбіне мұндай жағдайға қыз балалар тап болады. Мамандардың сөзінше, кибербуллинг құрбандарының 70 пайызы - қыздар. Бұл алаңдатарлық мәліметтерді арнайы брифинг барысында Қазақстан интернет қауымдастығының төрағасы Шавкат Сабиров айтты. Оның сөзінше, желідегі әлімжеттік, әсіресе пандемия кезінде көбейіп кеткен. Бұған қазақстандықтардың жаппай әлеуметтік желілермен әуестеніп кетуі себеп. «Ал балаларды онлайн бұзақылықтан қорғап қалу әрбір ата-ананың қолында», - дейді мамандар. 

Евгений Питолин, «Касперский» лаборториясының Қазақстан мен Орталық Азия және Моңғолиядағы атқарушы директоры:

- Балаға планшет немесе смартфонды ұстатқан сәттен бастап бәрін қадағалау қажет. Желідегі уақытын шектеп, интернеттегі бұзақылық туралы түсіндіру қажет. Ал 3 жасында қолына жай ғана смартфон ұстатып қойып еш қадағаламасаңыз, 5-6-10 жасқа келгенде үлкен проблемалар туындауы мүмкін. Сол себепті әрбір баламен кішкентай жасынан бастап қауіпсіздік туралы әрдайым әңгімелесу керек.

Шерхан Жамбылұлы

Хабарламаларға жазылу