Сенат депутаты кибербуллинг мәселесіне қатысты Үкіметке сауал жолдады

24.09.2020
Сенат депутаты кибербуллинг мәселесіне қатысты Үкіметке сауал жолдады

Сенат депутаты Нариман Төреғалиев балаларды кибербуллингтен қорғау мәселесіне қатысты Үкімет басшысы Асқар Маминге депутаттық сауал жолдады.

«Біздің санамызға бойлап кіріп, миымызды улап жатқан буллинг, моббинг деген сөздер бұрын-соңды естімеген лексикондарға құлағымыз да, етіміз де үйрене бастады. Бүгінде жат ағымның жетегінде кеткен жастардың басым бөлігін осы кибершабуылдың құрбаны десек болады. Жалпы, кибербуллингтің құрбаны кез келген адам болуы мүмкін. Көбіне буллингке қатысушылар мен одан зардап шегетіндер - 11-16 аралығындағы жасөспірімдер», - деді депутат Сенат отырысында.

Сенатор өскелең ұрпақтың тағдырына және мемлекет мүддесіне теріс әсерін тигізетін буллингпен күрес жүмыстарын шұғыл арада шешуді талап етті.

«Буллинг пен кубербуллингке тосқауыл қою үшін интернеттегі парақшалар мен мессенджерлерге мониторингті күшейту, мектептерде осы тақырыпқа байланысты тәрбие сағатын өткізу, арнайы мамандар дайындау, ұстаздар мен ата-аналарға түсіндірме жұмыстарын жүргізу, балалардың интернеттегі қауіпсіздігі мен қорғалуын қамтамасыз ететін ұлттық жоба әзірлеу керек», - деп түйіндеді депутат.

Хабарламаларға жазылу