Елімізде әрбір бесінші адам аллергияға шалдыққан - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде әрбір бесінші адам аллергияға шалдыққан

11.06.2015
Елімізде әрбір бесінші адам аллергияға шалдыққан

Бүгінде аллергияны анықтаудың заманауи әдістері көп. Қан тапсыру арқылы дәрігерлер дерттің неден пайда болғанын оп-оңай анықтап береді.

Аллергияның қай түрімен ауыратыныңызды, өсімдік пе, тағамның белгілі бір түрі ме, шаң-тозаң ба, оны анықтайтын құрылғы «Фадиа-250» деп аталады.

Қазақстандағы жалғыз әрі заманауи үлгідегі соңғы құрылғыда зертхана мамандары монитор арқылы іске қосады. Оған 250-ге жуық адамның қан үлгілері салынып, зерттеледі, тексеріледі. Ал, 2 сағаттың көлемінде мына монитор арқылы белгілі болады.

Әлем медицинасы аллергияны емдейтін дәрі-дәрмектің 100-ден астам түрін ойлап табуда. Алайда, бұл – дерттен құтылудың кепілі емес.  Бүгінде клиникалық-зертхана мамандары «ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жолды» қарастырған. 

 

Жазира ДОСМАҒАНБЕТ

Хабарламаларға жазылу