Қазақстанда эпидемиологиялық ахуал тұрақталды. Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Үкімет отырысында осылай деді. Бүгінге дейін еліміз бойынша коронавирус инфекциясын жұқтырғандардың 94 пайызы емделіп шыққан. Соңғы 1 айдың ішінде ауруханаға жатқызылғандардың саны 6 есе азайды. Жедел жәрдемнің көмегіне жүгінетіндер де көп емес қазір.
Ал Еуропа елдерінде вирус қайта өршіп тұр. ТМД елдерінде де өсім 0,5 пайыз. Қазақстандағы жағдай олармен салыстырғанда 5 есе жақсы.
Алексей Цой ҚР Денсаулық сақтау министрі:
- Вирустың таралуына жол бермей тұрақты эпидахуалды сақтап қалу үшін кей шектеу шаралары мен демалыс күндеріндегі лондаундар әлі де сақталады. Вируспен күресу үшін қоғам барлық талаптарды қатаң сақтауы тиіс. Маска тағып, халық көп жиналатын жерлерге бармаған дұрыс. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы да осындай үгіт жұмыстарын жүргізіп жатыр.
Оңғар Алпысбайұлы