Жыл басынан бері жалпы ішкі өнім 3 пайызға төмендеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жыл басынан бері жалпы ішкі өнім 3 пайызға төмендеді

09.09.2020

Президент Жолдауын іске асыру жөнінде жалпы ұлттық іс-шаралар жоспарының жобасы әзірленді. Бүгін ол Үкімет отырысында таныстырылды. Жоба жаңа экономикалық бағдардың 7 негізгі қағидатына негізделген және 10 бағыттан тұрады. 

Оңғар Алпысбайұлы, тілші:

- Құжатта Жолдауда көрсетілген барлық тапсырмалар қамтылған. Мемлекеттік басқарудың жаңа үлгісінен тартып, жаңа жағдайдағы экономикалық өсім, өңірлік даму, білім, денсаулық сақтау, цифрландыру және тағы басқа салалар қамтылған. Жоспарды жүзеге асыру үшін барлық қажетті ресурстар бар. Сондай-ақ Ұлттық экономика министрі 8 айдағы бюджеттің атқарылуы бойынша есеп берді. Тауар өндірісінде 1,7 пайыз өсім бар. Ал пандемияға байланысты қойылған шектеулердің салдарынан көрсетілетін қызмет 6,1 пайызға қысқарған. Нәтижесінде еліміздегі жалпы ішкі өнім 3 пайызға кеміп кетті. Өсім көрсеткен салалар да жоқ емес, машина жасау 1,5 есе, фармацевтика, дайын металл бұйымдары, қағаз өнімдері, жеңіл өнеркәсіп те айтарлықтай дамыған. Жыл басынан бері экспорт деңгейі артып, Қазақстанда жасалған өнімдер әлемнің 105 еліне сатылған. 

Жалпы жыл басынан мемлекеттік бюджетке 5,5 трлн теңге кіріс түсіп, республикалық бюджет 3,5 трлн теңгеге толыққан. 

Хабарламаларға жазылу