Қызылорда облысында күріш ақтау зауыты өртенді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қызылорда облысында күріш ақтау зауыты өртенді

09.01.2024

Қызылорда облысы Қармақшы ауданының Дүр-Оңғар ауылында шаруашылықтың күріш ақтау зауыты өртенді. Қызыл жалын 240 тонна дәнді-дақыл сақталған қойманы шарпыған. Оқыс оқиға кеше түс ауа болған. Өрт цех пен қоймадан тұтанып, нысандар лезде отқа оранған. Салдарынан диірменнен өткен 240 тонна дайын өнім жалын астында қалып, 108 миллион теңгенің күріші өртеніп кетті. Зардап шеккен адам жоқ. Мамандар өрттің себеп-салдарын анықтауға кірісті. Әзірге, электр сымдарының тұйықталуы себеп болған деген болжам бар. Шаруашылыққа келген шығын көлемі де есептеліп жатыр.

Әділбек Серікұлы

Хабарламаларға жазылу