Батыс Қазақстандағы дауылдан келген шығын өтеледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Батыс Қазақстандағы дауылдан келген шығын өтеледі

07.08.2019

Батыс Қазақстанда күшті желдің салдарынан басына шифер сынығы құлаған 8 жастағы қыз бала әлі ауруханада жатыр. Жағдайы қалыпты дейді дәрігерлер. Өңірде екі күн бұрын болған төтенше жағдайдан келген шығын көлемі әлі есептеліп жатыр. Қала мен аудандарда 17 ғимаратың шатыры ұшқан. Алты адамның көлігін ағаш, 4 адамның көлігін ғимарат шатыры басып қалған. Тұрғындар кей аумақта екі тәулік жарық және сусыз қалды. Бәйтерек ауданында газ желісі істен шықты. Қазір қала бойынша 2 мың абонент әлі жарықсыз отыр. Коммуналдық қызмет мамандары апат салдарын жоюға бар күшін салып жатыр. Заңға сәйкес дауылдан келген шығын өтеледі.

Жасұлан Жұмашев, облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы:

Негізі қала бойынша 60 ағаш құлады. Соның ішінде 6-уы көліктің үстіне құлаған. Олар қазір бізге келіп, төтенше жағдай департаментінің уәкілдері қандай құжат бар соларды жинауға болысып, керек боп жатса, сотқа бірге қосылып барады.

 

Ардақ Мұратқызы

 

Хабарламаларға жазылу