Праймеризге қатысушылар үгіт-насихат жұмысын бастады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Праймеризге қатысушылар үгіт-насихат жұмысын бастады

07.09.2020

«Nur Otan» партиясы атынан көшбасшылыққа үміткерлер үгіт-насихат жұмысын бастады. Бағдарламада әр үміткердің өз өңірінің проблемаларын шешу жолдарын ұсынған. Үгіт жұмыстары үміткердің өз есебінен жүргізілмек. Іріктеуалды бағдарлама елдегі эпидахуалға байланысты әлеуметтік желілер арқылы насихатталады. Үгіт үшінші қазанға дейін жалғаспақ. Айта кетейік, партияішілік іріктеуге 11 мыңнан астам адамнан өтініш түсті. Оның 30% -ын жастар, тағы 30 процентін әйелдер құрайды. 

Елнұр Бейсенбаев, «Jas Otan» жастар қанатының төрағасы:

-Мұндай саяси процеске қандай азамат қатысады? Мінезді, ойын ашық білдіре алатын, бір нәрсені өзгертемін, партиямен бірге боламын деген азаматтар. Яғни, бұл жерге қатысқан азаматтар өзінің жалпы бағдарламасымен келеді. Сол себепті бағдарламаларда барлық нәрсе қамтылған деп айтуға болады. 


Хабарламаларға жазылу