Алматылық студенттер қашықтан еш кедергісіз білім алуда - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматылық студенттер қашықтан еш кедергісіз білім алуда

07.09.2020

Жаңа оқу жылын қашықтан бастаған студенттер де еш кедергісіз білім алып жатыр. Мұғалімдер мен білім ордалары санитарлық талаптарды қатаң сақтауы тиіс. Осыны ескерген колледж басшылары білім алушылармен онлайн байланыс орнату үшін барлық техникалық мүмкіндіктерді жасап отыр. Ұстаздар қауымы да онлайн дәріс беру үшін арнайы курстардан өтіп, жаңа жүйеге алдын ала дайындалған. 

Маржан Маликова, Алматы мемлекеттік политехникалық колледж директорының орынбасары:

- Оқытушыларымыздың арнайы бейнесабақтары колледждің  YouTube каналына жүктеліп, студенттерге қажетті материалдармен жұмыс жасап жатырмыз. 

Қуан Нұрақын

Хабарламаларға жазылу