Қашықтан оқыту үшін 5 мыңнан аса бейнесабақ түсіріледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қашықтан оқыту үшін 5 мыңнан аса бейнесабақ түсіріледі

19.06.2020

Мектеп оқушыларын қашықтан оқыту бағдарламасы үшін 5028 бейнесабақ түсіріледі. Білім саласындағы ауқымды жобаға алматылық білікті ұстаздар да ат салысуда. Мұғалімдер демалысқа қарамастан, 1-11 сынып аралығын қамтитын пән сабақтарын бейнетаспаға түсіріп жатыр. Ұстаздарға әдістемелік көмек көрсеткен «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» цифрлы білім беру ресурстарын дайындау үшін арнайы жоспар әзірледі. Соған сәйкес негізгі тақырыптар бекітіліп, бейнесабақтарды түсіру жалғасуда. Ұстаздар қашықтан оқытуды бастағанда, қиындықтардың да болғанын жасырмайды. Дегенмен, ұстаздардың жемісті жұмысының арқасында білім беру ресурстарын әзірлеу жеңілдеді.

Жазира ОРАЗҚЫЗЫ


Хабарламаларға жазылу