612 стипендиат «Болашақ» бағдарламасы шеңберінде білім алуда - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

612 стипендиат «Болашақ» бағдарламасы шеңберінде білім алуда

08.07.2021

Пандемия туындатқан қиындықтарға қарамастан, әлемдегі ең мықты университеттерде, ғылыми орталықтарда қызметкерлерді оқыту жалғасады. Бұл туралы Мемлекеттік хатшы Қырымбек Көшербаевтың төрағалығымен өткен шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия отырысында айтылды. «Болашақ» бағдарламасы шеңберінде тағылымдамадан өту үшін жаңа санат бекітілді. Соған сәйкес мәдениет және спорт саласының қызметкерлері де білім ала алады. Қазір 612 адам «Болашақ» бағдарламасы шеңберінде білім алып жатыр. Оның алты жүзге жуығы әлемнің 19 елінде, 60 стипендиат Қазақстан аумағында жүріп, қашықтан білім алуда. Сонымен қатар, 421 азамат академиялық оқуға жолдама күтіп отыр.

Хабарламаларға жазылу