«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады?

04.09.2020

Денсаулық сақтау министрлігі «Аңсаған бала» бағдарламасы аясында тегін жасанды ұрықтандыруды кімдердің қолдана алатынын айтты. 

Елімізде қазір 9467 әйел адам бала көтере алмайтындардың тізімінде тұр. «Олардың кез келгені аталмыш бағдарламаға бір рет қатыса алады», - деді министрліктің ресми өкілі Бағдат Қожахметов. 

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша бұл тізім бойынша мемлекеттік медициналық квоталар 7 есеге көбейтіліп 7 мыңға жеткізілмек. Қазіргі таңда тегін ұрықтандыруға тек бір мың квота беріледі. «Қазақстандағы жасанды ұрықтандыру тиімділігі 30 процент деңгейінде», - дейді мамандар. 22 мың сәби пробирка арқылы жарық көрген.

Азамат Алдоңғар

Хабарламаларға жазылу