«5-10-20» бағдарламасына кімдер қатыса алады?

23.05.2020

Қазақта: «үлкен үйге не керек, кіші үйге де сол керек» деген бар. Десе де, қарапайым қандастың басына баспана берсе олар басқасын сұрап шенді-шекпенділердің мазасын алмасы анық. Бұқараға болысатын бағдарлама жасап, бюджетін есептегенде «бесігіңде қазақты көбейтпесең, бейітіңді күзетіп кім қалады?» деген сұрақ әр жауаптының көкейінде тұруы тиіс. Ол ол ма, қарапайым елге арнап салынған үйлердің сапасы сын көтермейтінін сөз етсек таңды таңға ұруға тура келеді.  Қателіктің өзін осылай өзінің пайдасына асырғысы келетін суайттар бар бізде. Өтірік есепке келгенде алдына қара салмайтындарды құрықтау бір бөлек, қарапайым қарашаға болысу деген басты міндет тағы бар. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ағайынға ақжолтай ақпарат айтты. Енді елге үй алу үйдей проблема болмауы үшін 5-10-20 бағдарламасын іске қосу қажеттігін ескертті. Жазда жүзеге асады. «Бүркітіңді мақтама бөрі ілмеген» демекші, енді басталатын жоба туралы асыра айтудан аулақпыз. Десе де мемлекеттің елге қолжетімді тұрғын үй әперуге бағытталған тағы бір бағдарламасы барын ескермеу көрмес түйені де көрместің кері болары анық. Ендеше мұқият құлақ салыңыздар, 5-10-20, «Отбасы банкі».  

Назым ҚАЙРАТ


Хабарламаларға жазылу