Утилизациялық төлем қарапайым шаруалардың қалтасын қағады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Утилизациялық төлем қарапайым шаруалардың қалтасын қағады

02.09.2020

Қазақстанда ауыл шаруашылығы техникасы кемінде 10 пайызға қымбаттауы мүмкін. Бұл сырттан кіргізілетін техникаға утилизациялық жинақ төлеуді міндеттеумен байланысты. Бүгін Мәжіліс депутаттары осы мәселені көтеріп, Үкіметке депутаттық сауал жолдады.

Орта есеппен 36 миллион теңгенің техникасын алсаңыз, үстінен 6,4 млн теңге утилизациялық алым төлеу керек. Депутаттардың пікірінше, бұл ауылшаруашылығы техникасының күрт қымбаттауына әкеліп соғады. Қазір Қазақстандағы ауыл шаруашылығы техникасының 80 пайызының тозығы жеткен. Ал жаңасын сатып алуға шаруалардың ақшасы жетпейді.

Мұрат Теміржанов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- Экология министрлігінің пікірінше, шаруалар ескі техникасын қайта өңдеуге тапсырмайды. Жаңасын сатып алуға қаржысы жетпесе ескісін қалай тапсырады? Мұның бәрі ауыл шаруашылығы саласын дамытуға үлкен кедергі болады. Сондықтан Қазақстанда құрастырылмайтын ауыл шаруашылығы техникалары үшін утилизациялық жиынды алып тастауды сұраймыз.

Оңғар Алпысбайұлы

Хабарламаларға жазылу