Коронавирустың екінші толқынына қызу дайындық жүріп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Коронавирустың екінші толқынына қызу дайындық жүріп жатыр

02.09.2020

Медицина қызметкерлеріне жыл соңына дейін үстемақы төлеу үшін қосымша 150 миллиард теңге бөлінетін болды. Денсаулық сақтау министрінің айтуынша, ақша Президент тапсырмасы бойынша коронавируспен күресіп жүрген дәрігерлер, медбикелер мен жедел жәрем қызметкерлеріне төленеді. Әрі Алексей Цойдың айтуынша, қазір індеттің екінші толқынына қызу дайындық жүріп жатыр. Яғни, облыстарда 13 инфекциялық аурухананың құрылысы басталды. Оның бірі биыл пайдалануға беріледі. Осылайша 2025 жылға дейін мемлекеттік жекеменшік әріптестік аясында 20 аурухана салу көзделген. Әрі Денсаулық сақтау министрі ауылдық жерлердегі жедел жәрдем мәселесінің шешілетінін де айтты.

Алексей Цой, ҚР Денсаулық сақтау министрі:

- Президент медициналық-санитарлық жәрдем жүйесін қайта қарастыруды тапсырған. Министрлік 2021-2023 жылдарға арналған алғашқы көмек көрсету жоспарын әзірлейді. Оның ішінде ауылдық тұрғындарды жедел жәрдеммен қамтамасыз ету бар. Медициналық көмектің қолжетімділігін жақсарту мақсатында шалғайдағы елді мекендер үшін 100 медициналық автобус жіберіліп, 1167 медициналық-санитарлық көлік алынады.

Досжан Маратұлы

Хабарламаларға жазылу