Онлайн петиция институты мінсіз жұмыс атқаруы тиіс – Ұлттық кеңес мүшелері - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Онлайн петиция институты мінсіз жұмыс атқаруы тиіс – Ұлттық кеңес мүшелері

01.09.2020

Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі Президент Жолдауының сапалы іске асырылуына атсалысуы тиіс. 

Кеңес мүшелері ұйымның күн тәртібі Жолдауда көтерілген мәселелерге байласты бекітілетінін айтады. Жолдауда әр сала бойынша көтерілген бастамалардың жүзеге асырылуына мемлекеттік органдармен қатар қоғам өкілдері кеңінен тартылады. Белсенділер азаматтардың онлайн петиция беру институты мінсіз жұмыс атқаруы тиіс дейді.

Ерлан Қарин, Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі:

- Ол қалай іс жүзінде жүзеге асуы керек. Бұл жерде мемлекеттік органдар мен қоғам тарапынан ортақ көзқарасты қалыптастыру керек. Қандай платформада жүзеге асырылатын болады, қандай шектеулер болады, немесе қандай қосымша тетіктер болады деген сияқты. Осының барлығы бір ғана мемлекеттік органмен емес, қоғамның араласуымен жүзеге асуы керек.

Максим Рожин, Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі:

- Біреулер әлеуметтік желінің өзі онлайн петиция жасауға тұрады деуі мүмкін. Бірақ Facebook-ты алсақ, фейк пен ботқа толы әлеуметтік желі, сондықтан бұл жерде қауіптілік өте жоғары.

Азамат Алдоңғар

Хабарламаларға жазылу