Елімізде 434 мың оқушыға компьютерлер таратылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде 434 мың оқушыға компьютерлер таратылды

31.08.2020

Елімізде 434 мың оқушыға сабақты онлайн оқу үшін тегін компьютерлер таратылды. Жалпы, Республика бойынша құрылғының 500 мыңын жеткізу жоспарланған. Бұл туралы елорда мектептерінің жаңа оқу жылына дайындығын тексеру барысында Білім және ғылым министрі айтты. 

Асхат Аймағамбетов алдымен Ақмола облысы Сарыкөл ауылындағы 80 баланы штаттық режимде оқытатын білім ордасына барды. Кейін қаладағы №73 мектепті аралап, мұғалімдердің сауалдарын тыңдады. Айта кетейік, биыл елдегі 7 мың мектептің 3 мыңға жуығы қалыпты режимде жұмыс істейді. 1-4 сыныптарда білім алушылардың 60%-ға жуығы дәстүрлі түрде оқиды. 

Фариза Мұсақызы

Хабарламаларға жазылу