Елімізде 800 мың оқушыға арналған мектептер салынады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде 800 мың оқушыға арналған мектептер салынады

03.10.2022

Елімізде 800 мың оқушыға арналған мектептер салынады. Үкімет басшысы «Жайлы мектеп» ұлттық жобасын іске асыру жөнінде тапсырма берді. Бүгінде өңірлерде салынатын 143 мектептің жер учаскелері белгіленбеген. Бұл бағыттағы жұмыстарды тездету керек, деді Әлихан Смайылов. Осы айдың соңына дейін құрылысы 2023 жылға және жыл соңына дейін 2024 жылға жоспарланған білім ошақтары бойынша мәселені шешу қажет. Үкімет басшысы оқу процесін цифрландыруды тездетіп, балаларды ауыр сөмкелерден арылту қажеттігін де айтты. Сонымен қатар, мектептерді жылдамдығы жоғары интернетпен қамтамасыз етуді тапсырды.

Дарын Сағитов


Хабарламаларға жазылу