Солтүстікқазақстандық оқушылар сабақ кезінде бетперде тақпайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Солтүстікқазақстандық оқушылар сабақ кезінде бетперде тақпайды

29.08.2020

Бұл жөнінде онлайн баспасөз мәслихаты барысында жауапты орган өкілдері хабарлады. Айтуларынша, балаларға үнемі маска тағып жүру қауіпті. Сондықтан үзіліс кезінде болмаса, сабақ барысында шешіп отыруға рұқсат. Облыстағы шағын жинақты 336 мектеп штаттық режимде жұмыс істейтін болды. Ондағы оқушылардың саны 19 мыңнан асады. Ал орта мектептерде 2 мыңға жуық кезекші сыныптар жасақталады, оларда 20 мыңдай оқушы білім алады.

Гүлмира Кәрімова, облыстық Білім басқармасының басшысы:

- Балалар тек бір кабинетте ғана оқитын болады. Үзілістер бір мезгілде болмайды. Әлеуметтік қашықтықты ұйымдастыру үшін ауысымдар саны артады. Кіші ауысымдар пайда болады, ол жерде 15 баладан аспайтын кіші топтарға бөлінеді.

Сағындық Сәбитұлы

Хабарламаларға жазылу