Қырғызстандық оқушылар мектепке оралады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қырғызстандық оқушылар мектепке оралады

01.10.2020

Қырғызстанда 6-қазаннан бастап 1-6 сынып оқушылары мектепке оралады. Мұғалімдер мен балалар санитарлық нормаларды сақтауға міндетті. Алдымен олардың дене қызуы өлшенеді. Сондай-ақ оқушылар бетперде тағуға міндетті. Мектептерде штаттық режимде сабақты бастау туралы шешімді республикалық жедел штаб қабылдаған. Дегенмен, бұл кезеңде қырғыз мектептерінде түрлі шаралар өткізуге тыйым салынды. Ата-аналар ғимаратқа кіре алмайды. Сабақ арасындағы үзілістер де әртүрлі уақытқа белгіленген.

Дарын Сағитов

Қырғызстан оқушы мектеп санитарлық норма

Хабарламаларға жазылу