COVІD-19: Қазақстандық вакцинаны сынауға еріктілерді іздеу басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

COVІD-19: Қазақстандық вакцинаны сынауға еріктілерді іздеу басталды

28.08.2020

Коронавирусқа қарсы қазақстандық «QazCovid» вакцинасын тестілеуге еріктілерді іздеу басталды. Бұл туралы Биологиялық қауіпсіздік мәселелерін зерттеу институты хабарлады. Ііріктеуге 18 жастан асқан адамдар қатыса алады. 

Алдымен, антиденелер бар-жоғы анықталады. Ол үшін иммуноферментті талдау жасалады. Айта кетейік, вакцина бір немесе екі рет егіледі. Еріктілер кез келген қолайсыз жағдайлардан сақтандырылады. Сондай-ақ оларға сыйақы төленеді.

Амангелді Сейітхан

Хабарламаларға жазылу