Велотректен 7-ші жазғы спартакиада өтуде - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Велотректен 7-ші жазғы спартакиада өтуде

12.06.2014
 
Астана қаласында мектеп оқушылары мен орта арнаулы оқу орнында оқитын жасөспірімдер арасында велотректен жарыс басталды. Бәсеке «Сарыарқа» велотрегінде өтіп жатыр. 
 
Сайысқа еліміздің 9 аймағынан 120-ға жуық спортшы бақ сынауға ниет білдіріпті. Сондықтан болар, қатысушылардың деңгейі өте жоғары.
 
Жарыстың мақсаты - өскелең ұрпаққа спортты насихаттау және салауатты өмір салтын қалыптастыру. Жарыстың жалпы қорытындысы 16-шы маусымда белгілі болады.

Хабарламаларға жазылу