Алматыда өрт салдарынан 2 адам қайтыс болды
Алматыда өрт кесірінен бес адамды күйік шалып, екі адам ауруханада қайтыс болды. Күйік шалғандар қатарында 7 жастағы бала да болған.
Өткен сенбіде күннің күрт ысуынан Алматыда екі нысаннан өрт шыққанын хабарлағанбыз. Ең үлкен өрт - наубайхана мен тігін цехы орналасқан «Алматы логистик орталығы» ЖШС-де болды.
Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, сағат түскі 12:00 шамасында басталған тілсіз жаудан ғимараттың 750 шаршы метр аумағы жанып кеткен.
30 адам сыртқа шығарылған. Өртті ауыздықтауға 14 негізгі, 2 арнайы техника, жеке құрамның 60 маманы ат салысқан. Өрттің шығу себебі анықталуда.
Дәурен ДАРИЯБЕК
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Азия ойындары: қоржындағы медаль саны - 12
22.09.2026, 20:30
Қоқыс өңдеуге 200 млрд теңге бөлінеді
22.09.2026, 20:20
Скринингтен өту қажеттігі туралы хабарлама жіберіледі
22.09.2026, 20:19
Кәсіпкерлерге арналған реестр құрылды
22.09.2026, 20:18
Қайтарылған активтер есебінен екі мектеп бой көтерді
22.09.2026, 20:17
2-4 сынып оқушыларының 4 пәннен білімі тексеріледі
22.09.2026, 20:16
Бүгін БҰҰ Бас Ассамблеясының 81-сессиясы ашылады
22.09.2026, 20:13
PISA-2025: Сандар сөйлейді, нәтиже не дейді?
22.09.2026, 20:12