Қостанай облысында сүт фермалары көбейіп келеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қостанай облысында сүт фермалары көбейіп келеді

25.09.2015
Қостанай облысында сүт фермалары көбейіп келеді

Қостанай облысында сүт фермалары көбейіп келеді. Тәулігіне 20  тоннаға жуық сүт өндіретін нысандардың бірі Рудный қаласының маңында орналасқан.

Заманауи фермаға мемлекет те қаржылай қолдау көрсетіп отыр. Шаруашылық та өзі орналасқан ауылдың тұрмысын, мәдени өмірін жанданыруға үлес қосуда. 

Қоржынкөл аулындағы сүт фермасы Рудный қаласынан 60 шақырым қашықта.  Оның іргетасы 2012-ші жылы қаланған. Сүт фермасы соңғы үлгідегі заманауи құрылғылармен жабдықталған. Бұл жерден тәулігіне 17-18 тоннаға дейін сүт өндіріледі.

Дәуренбек ӘБДІБЕК

 

Хабарламаларға жазылу