Солтүстік Қазақстанда жаңа агрегат мұнай өндірушіге жол тартты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Солтүстік Қазақстанда жаңа агрегат мұнай өндірушіге жол тартты

29.09.2014
Солтүстік Қазақстанда жаңа агрегат мұнай өндірушіге жол тартты

Петропавл ауыр машина жасау зауыты мұнай өндіру бұрғыларын жөндейтін жаңа агрегат жасап шығарды. 3 мың метр тереңдікке бойлай алатын  қондырғының қуаттылығы да жоғары.

Құрылғы 100 тоннаға дейін жүкті көтере алады. Қондырғыны таныстыру рәсімі машина жасаушылар күніне тұспа-тұс келді. Сондықтан әрбір жаңа өнімнің өндіріске қосылуын мерекеге айналдыратын зауыт басшылығы еңбегімен ерекшеленген қызметкерлерді марапаттап, арнайы сыйлықтар табыс етті.

Сағындық СӘБИТҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу