Депутаттар Қапшағайдағы қарттар үйіне барды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Депутаттар Қапшағайдағы қарттар үйіне барды

10.02.2014
Депутаттар Қапшағайдағы қарттар үйіне барды
  Елбасы биылғы Жолдауында мүмкіндігі шектеулі жандардың әлеуметтік қорғалуын қадап айтты. Мүгедектер мен қарттарға жағдай жасау қарапайым жандардың көңілін өсіріп, мерейін тасытты.
 
Алматы облысының қарттары мемлекетке деген алғысын бүгін бір топ халық қалаулыларымен кездесуінде жеткізді. Іргесі 1974 жылы қаланған Қапшағайдағы қарттар мен мүгедектер үйінде қазір 230 адам тұрады.
 
Былтыр республикалық бюджеттен 227 миллион теңге бөлініп, күрделі жөндеуден өтті. Бірі баласынан, енді бірі денсаулығынан айырылған көңілі жарым жандар мұнда бір туғандай. 4 мезгіл ас ішіп, қолдары қалт еткенде, ісмерлікпен айналысады.
 
Ақпараттық технологиясы дамыған заманда көштен қалмай, компьютер үйреніп, қоғамға бейімделуде.
 
Серікбай Нұрғисаев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
Мүгедектер жергілікті биліктің қолдауымен шағын кәсіпкерлікті дамытуға үлес қоссақ, деген тілектерін жеткізуде. Оларға өздері табыс табатындай заң жүзінде мүмкіндік жасауымыз керек.
 
Айгүл ЕРМАХАН

 

 

Хабарламаларға жазылу