Талдықорғанда 200 орындық жұқпалы аурулар ауруханасы салынып жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Талдықорғанда 200 орындық жұқпалы аурулар ауруханасы салынып жатыр

25.08.2020

Талдықорғанда жұқпалы ауруларға қарсы 200 орындық модульді аурухана салынып жатыр. Операция және жүкті әйелдерді босандыру залдарынан бөлек, 8 бөлім болмақ. Құрылыс жұмыстары 1 қазанға дейін аяқталуы тиіс. 6700 шаршы метр аумақты алып жатқан аурухана барлық заманауи қондырғылармен жабдықталады. Ғимараттың желдеткіш жүйесіне ерекше мән беріліп отыр. Мәселен, ақылды палаталарда есік ашылғанда іштегі ауа дәлізге шықпайды. Осылайша инфекцияның ауа арқылы таралуына жол берілмейді. 

Сондай-ақ Алматы облысында дәрі-дәрмектің 2 айлық қоры жинақталды. Қосымша дәрілерге 50 млн теңгеге тапсырыс берілді. Қазір ауруханаларда 300-ден астам өкпені жасанды желдету аппараты бар.

Өмірзақ Ниязбеков, облыстық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы:

- 700-ден артық оттегі концентраторы бар. Денсаулық сақтау министрлігі қазірдің өзінде 119 аппарат алып береді. 100 аппаратты өзіміз сатып алғалы жатырмыз. 

Қуаныш Қанатұлы

Хабарламаларға жазылу