Маңғыстауда үйдің шатырына найзағай түсті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Маңғыстауда үйдің шатырына найзағай түсті

15.08.2020

Маңғыстауда жер үйдің төбесіне найзағай түсті. Абырой болғанда отбасы мүшелері зардап шеккен жоқ. Оқиға Форт-Шевченко қаласында бүгін таңғы сағат 6-30 да болған. Табиғи құбылыстан үйдің шатыры жан-жаққа ұшып кетті.Ал, баспананың ішіне зақым келген жоқ. Сондай-ақ, электр бағанасы құлап, мамандар оны дереу қалпына келтірді.  

Манарбек Мухамбетов, Облыстық төтенше жағдайлар департаменті шұғыл жағдайлар басқармасының бастығы:

Түпқараған ауданынадғы біздің қызметкерлер оқиға болғаннан кейін үйге барды. Кісілердің амандығын қарады. Тап осындай жағдайда найзағайдың үйге не ғимаратқа түсуі отыз жылда бірінші рет болып тұр.

Аягөз Оралбайқызы 

Хабарламаларға жазылу