Атырауда қатты жел тұрып, бірқатар әлеуметтік нысандарға зақым келді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Атырауда қатты жел тұрып, бірқатар әлеуметтік нысандарға зақым келді

30.03.2022
Атырауда қатты жел тұрып, бірқатар әлеуметтік нысандарға зақым келді

Атырауда қатты жел тұрып, бірқатар әлеуметтік нысандарға зақым келді. Қазір қала аумағында арнайы топ құрылып, мамандар күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр. Толығырақ ахуалды сол өңірдегі меншікті тілшіміз Жандос Темірғали тікелей байланыста баяндайды. 

Жандос Темірғали, тілші:
Бізде кешеден бастап ауа райы тосын мінезін көрсетіп тұр. Бастапқыда шаңды дауыл соқты. Кейін соңы қатты желге ұласты. Екпіні секундына 29 метрге дейін жетті. Салдарынан көптеген әлеуметтік нысандарға зақым келді. Қолда бар ресми ақпаратқа сай, ондаған тұрғын үйдің шатыры ұшқан. Қатты жел кейбір көпқабатты үйдің қасбетін сыпырып әкетті.
Сонымен қатар 3 балабақша мен облыстық кардиологиялық орталықтың шатырына зиян келді. Теміржолға жақын орналасқан нысанның төбе жабындысы ұшып, пойыз жолын басып қалған. Қатты желден 3 адам зардап шекті. Біреуінің қолы сынып ауруханаға түсті. 

Жандос Темірғали

Хабарламаларға жазылу