Жанкент қалашығында ашық аспан астындағы археологиялық музей ашылады

12.08.2020

Орта ғасырлық Жанкент қалашығы аспан астындағы мұражайға айналмақ. Қазір тарихи шаһар орнында жобалау жұмыстары жүріп жатыр. Үйiндiге айналған шаһардың жобасы алғаш рет 1867 жылы қағазға түсірілді. Содан бері талай мәрте қазба жұмыстары жүргізіліп, 200-ге жуық экспонат табылды. Археологтар тарихи шаһардың тамыры жетінші ғасырдан басталуы мүмкін дейді. Оған соңғы жүргізілген қазба жұмыстары дәлел. Тоғыз жарым метр тереңдікке дейін бойлаған ғалымдар қалашықтың бірнеше өркениеттің ордасы болғанын айтады.  

Әділбек Серікұлы 

Хабарламаларға жазылу