Алматы блок бекетіндегі апатқа кінәлі BMW жүргізушісіне қатысты тергеу ісі жүріп жатыр. Алматы облысының прокуратурасы Азат Азаматовқа қатысты істі басқа бап бойынша қайта қараған. Оның іс-әрекетіне байланысты қылмыстық кодекстің 345-бабының 4-бөлімі, яғни «мас күйінде көлік айдап, екі немесе одан көп адамның қазасына әкелген жол апатын тудыру» бойынша қылмыстық іс қозғалған. Тергеу жұмыстары әлі де жүріп жатыр.
Жол апатына қатысты істе басқа айыпталушылар жоқ. Медициналық куәландыру кезінде күдіктінің орташа дәрежеде мас болғаны анықталыпты.
Айта кетейік, бұған дейін іс бірнеше рет қаралған. Бастапқыда 4-ші баптың 345-ші бөлігі бойынша қаралса, кейін іс қылмыстық кодекстің 99-ші -бабының 2-ші бөлігіне ауыстырылған.
Естеріңізде болса, 25 мамыр күні BMW маркалы көлік тізгіндеген 1992 жылғы жүргізуші блок бекетте тұрған патрульдік көлікке соғылған. Апат салдарынан салонда болған экипаж мүшелері Жарас Жанғазиев пен Дастан Әбдіқанов қаза тапты.