Алматыда тәркіленген 8,5 млн бетперде емдеу мекемелеріне таратылады

12.08.2020

Алматыда заңсыз айналымнан 8,5 миллионға жуық бір реттік бетперде тәркіленді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қызметкерлері дәрі-дәрмектер мен масканы заңсыз жеткізушілерді анықтау бойынша бірқатар жұмыстар жүргізген. Контрабандалық жолмен маска сатып, пайдаға кенелмек болған топ бетперделерді қаладағы 50 дәріханаға өткізіп келген. Қазір тергеу жұмыстары жүргізілуде. Сараптама қорытындысы шыққан кейін кейін масканың барлығы медициналық мекемелерге тегін таратылады.  

Нығметжан Сапаров, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша департамент басшысы :

Қазіргі уақытта тергеу жұмыстары басталды. Тәркіленген медициналық маскаларды арнайы сараптамадан өткізгеннен кейін, Алматы қаласының әкімдігіне тапсырамыз. Олар заңсыз айналымға қайта түспеуі үшін медициналық мекемелерге таратылады.


Хабарламаларға жазылу