Қазақстан Қырғыз Республикасына өкпені желдететін 400 аппарат пен 2 млн бетперде жібереді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан Қырғыз Республикасына өкпені желдететін 400 аппарат пен 2 млн бетперде жібереді

17.11.2020
Қазақстан Қырғыз Республикасына өкпені желдететін 400 аппарат пен 2 млн бетперде жібереді

Бұл туралы бүгін Қазақстан Республикасы Үкіметінің баспасөз қызметі хабарлады. Дереккөзіне сүйенсек, қырғыз тарапы гуманитарлық көмек алу үшін халыққа медициналық бұйымдар қажет деп, ресми түрде өтініш жасаған.  

«Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша, коронавирус инфекциясына қарсы күрес аясында ҚР Үкіметі Қырғыз Республикасына гуманитарлық көмек көрсетеді. Қырғызстанға 400 өкпені жасанды желдету мобильді аппараты және Қазақстан кәсіпорындарында өндірілген 2 млн медициналық маска жіберіледі», - деп хабарлаған Үкіметтің ресми сайты.



Хабарламаларға жазылу