Қазақстан мен Индонезия арасындағы сауда айналымы 143 млн долларға жетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан мен Индонезия арасындағы сауда айналымы 143 млн долларға жетті

19.08.2019

Соңғы 3 айында Қазақстан мен Индонезия арасындағы екіжақты сауда байланысы 143 миллион долларға жетті. Бүгінде екі ел ынтымақтастықты күшейтіп, экономикалық және мәдени байланысты кеңейтуде. Бізге бұл мемлекеттен, көбіне, электроникалық және химиялық тауарлар импортталады. Бұл туралы Индонезияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Рахмат Прамоно ел тәуелсіздігінің 74 жылына арналған ресми шара барысында айтты.

Жиында мемлекеттік ту көтеріліп, индонезиялықтар атаулы мерекені тойлады. Ұлттық тағамын ұсынып, елдің мәдениетімен таныстырды.

Рахмат Прамоно, Индонезия Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті елшісі:

Қазақстанда Индонезияның мәдени орталығы бар. Сол жерде елшілік ұйымдастырған тегін курстарға келіп қатысуға болады. Әртүрлі шеберлік сағаттары өткізіледі. Жалпы, оқуға қатысты да бірнеше бағдарламамыз бар. Индонезияға барып, тіл үйренуге мүмкіндік болады. Бүгінде біз Қазақстан мен Индонезия арасында туризм саласын дамытуды қолға алып отырмыз. Нұр-Сұлтан мен Джакарта арасында тікелей рейс ашылу жөнінде келіссөздер жүріп жатыр.

Фариза МҰСАҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу