Әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 18 миллионнан асты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 18 миллионнан асты

03.08.2020
Әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 18 миллионнан асты

Джон Хопкинс университетінің мәліметі бойынша әлемде COVID-19 індетін жұқтырғандардың жалпы саны 18 миллионнан асты. 688 351 адам қауіпті індеттен көз жұмған.

Қазіргі таңда COVID-19 инфекциясының негізгі ошақтары Австралия, Африка және Латын Америкасы болып отыр. Австралияның бірнеше штатында вирус жұқтырғандар саны күр көбейгеннен кейін, елде карантин шаралары күшейтілді.

Пандемия басталғалы коронавирус індеті АҚШ азаматтарынан көп табылды. Құрама штаттарда 4 миллионнан астам адам инфекция жұқтырып, 154 мың науқас көз жұмған. Одан кейін Бразилия, Үндістан және Ресей тұр.

Ал Қазақстанда COVID-19 вирусын жұқтырғандардың жалпы саны 92 662-ге жетті. Аурудан жазылып шыққандар саны 62511. 793 науқас індеттен көз жұмды.


Хабарламаларға жазылу