Елімізде 1,4 млн адамның мойнында салық берешегі бар - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде 1,4 млн адамның мойнында салық берешегі бар

14.08.2019

Елімізде 1 миллион 400 мың адамның мойнында салық берешегі бар. Қазақстанның қарапайым азаматтары салық органдарына 14 миллиард теңге қарыз. Бұл туралы Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы Марат Сұлтанғазиев баспасөз мәслихатында мәлім етті. Оның сөзінше, бүгіннен бастап жеке тұлғалар үшін салықтық рақымшылық туралы заң күшіне енген. Яғни, салық бойынша берешегі бар азаматтар негізгі берешек сомасын төлеу арқылы өсімпұлдардан құтыла алады. Рақымшылық жыл соңына дейін жалғаспақ.

Марат Сұлтанғазиев, ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы:

1,4 миллион адамның негізгі берешегі 14 миллиард теңгеден асады. Ал өсімпұл көлемі - 6,5 миллиард теңге. Оны рақымшылық арқылы кешіру көзделген. Заңды тұлғаларға туралы айтсақ, шағын және орта бизнестің 90 мыңнан астам нысанында салық берешегі болған. Қазір соның 46 пайызы өтелді. Ал 18 мыңының салық қарызы қайтарылуы екіталай. Көбі банкротқа ұшыраған немесе қиын жағдайға тап болғандар.

Фариза МҰСАҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу