Бюджетке түсетін салық мөлшері 15% артқан - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бюджетке түсетін салық мөлшері 15% артқан

08.08.2019

Көлеңкелі экономикамен жүйелі жүргізілген күрес, бюджетке түсетін салық мөлшерін арттырды. Бүгін, үкіметте өткен баспасөз мәслихаты кезінде осы тақырып сөз болды. Қаржы вице-министрі Берік Шолпанқұловтың айтуынша, цифрландыру мен қолма-қол ақшадан бас тарту саланы ілгері сүйреп тұр.

Тауарды маркілеу, электронды шот-фактура, виртуалды қойма секілді заманауй жүйелердің көлеңкелі бизнестің бетін ашуға себі зор. Мәселен, тері бұйымдарын таңбалаудың нәтижесінде өткен жылмен салыстырғанда бюджетке түсетін түсім биыл 1,5 есе артқан. Қазір, темекі мен алкоголь өнімдеріне қатысты да осындай жүйе енгізу көзделіп отыр. Сондай-ақ, еліміздің басты қаржы органы мұнай бағасының ізімен құнсызданып бара жатқан теңгеге қатысты да пікірін білдірді.

Берік Шолпанқұлов, ҚР Қаржы вице-министрі:

Девальвация болады не болмайды деп айту орынсыз деп есептеймін. Біраздан бері ұлттық банк еркін сауда айырбас жүйесіне көшкен. Биылғы жылдың бюджеті бекігенде доллардың орташа бағамы 370 теңге деп есептелген. Егер, теңге бағамы төмендей беретін болса онда күзде бюджетті қайта қарауымыз мүмкін.

 

Хабарламаларға жазылу