Сенат бюджет туралы заңға түзетулерді қабылдады. Ол Президенттің көпбалалы аналар мен әлеуметтік аз қамтылған отбасылардың қарыз жүктемесін азайтуға қатысты тапсырмасын жүзеге асыруға бағытталған. Бұған қоса кәсіптік білім беру жəне "Бастау Бизнес", "Еңбек" бағдарламаларына қаржы бөлінеді. Баспана мен атаулы əлеуметтік көмек мәселесін шешуге де ақша қарастырылған. Құжатта Үкімет резервін 72,2 миллиард теңгеге ұлғайту ұсынылды. Аталған қаражаттың бір бөлігі Арыс қаласындағы төтенше жағдайдың салдарын жоюға бағытталады.
Әли Бектаев, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:
Әлихан Смайылов, ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары, қаржы министрі:
Арыс қаласы бойына бірінші шілдедегі алдын ала есептеулерге сәйкес 34,5 миллиард теңге керек. Соның ішінде әрбір тұрғынға 100 мың теңгеден төлеу үшін 4,5 миллиард теңге.
Индира БЕГАЙДАР