Нұр-Сұлтан қаласынан шығатын жолдарға бекеттер қойылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Нұр-Сұлтан қаласынан шығатын жолдарға бекеттер қойылды

24.07.2020
Нұр-Сұлтан қаласынан шығатын жолдарға бекеттер қойылды

Нұр-Сұлтан қаласынан шығатын жолдарға бекеттер қойылды.

Бұл туралы қалалық Полиция департаменті хабарлады.

Елордалық полицейлер қаладан шығатын азаматтарға демалыс орындарында шектеу енгізілгені жайында түсіндіріп, бетперде режимін және ара қашықтықты сақтау қажеттігі туралы ескертіп отырады.

Шектеу шаралары үнемі айрықша бақылауда болады. Коронавируспен күресу үшін елорда тұрғындары мен қонақтары жағдайға түсіністікпен қарап, суға шомылу маусымы өтіп жатқан демалыс орындарына, адам көп жиналатын орындарға бармауы қажет», - деді Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаменті Жергілікті полиция қызметінің басшысы Ғосман Жакин.

Хабарламаларға жазылу