Жамбыл облысында биыл бес айдың ішінде 1,5 млрд теңге игерілмеген - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жамбыл облысында биыл бес айдың ішінде 1,5 млрд теңге игерілмеген

05.06.2019

Бұл мақсатты жұмсалуға тиіс 115 млрд теңгенің 1,2 пайызын құрайды. Жамбыл облыстық Қаржы басқармасының басшысы арнамызға берген сұхбатында осылай деді. Игерілмеген қаржы көздері көбіне облыстық басқармалардағы мемлекеттік сатып алу ісіне қатысты болып отыр. Мәселен, мемлекет ақшасын уақытылы игермеу жағынан облыстық Төтенше жағдайлар департаменті көш басында тұр.

Төтеншеліктер бес айда 152 млн теңгені игеру керек болса,олар тек 95 млн теңгесін ғана ұқсата алған. Өңірлік тілдерді дамыту басқармасы даөздеріне тиесілі 71 млн теңгенің тек 84 пайызын ғана игерген. Жалпы алғанда Жамбыл облысы жарты жылға жуық уақытта жүз пайыздық межеге жетпей 98,8 пайыз болатын қаржыны ғана игерген.

Роза Исаева, Жамбыл облыстық Қаржы басқармасының басшысы:

- Облыс бюджеті деп алар болсақ, бізде 1,5 млрд теңге игерілмеді. Өйткені бюджет үлкен 113,6 млрд теңге игердік. Ал, жоспар 115 млрд теңге. Игермеу себептерін зерделеп жатырмыз. Жыл бойына бюджетіміз 302 млрд теңге. Бірақ бюджет өседі. Жылдың аяғында дейін 320-330 млрд теңгеге барады.

Сәбит ӘЛДЕБАЙ
 

Хабарламаларға жазылу