Маңғыстаудағы Түпқараған ауданында жел электр станциясы іске қосылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Маңғыстаудағы Түпқараған ауданында жел электр станциясы іске қосылды

03.06.2019

Қуаты 5 МВт құрайтын кешен Ақшұқыр ауылының аумағында орналасқан. Инвестициялық жобаның құны – 800 млн теңге.

Жел генераторлары Германияда жасалған. Қондырғылар желдің күшін пайдалану арқылы электр энергиясын өндіреді. Алғашқы табиғи өнім Ақшұқыр ауылына беріле бастады. Осылайша жаңа жобаның арқасында елді мекен маңындағы өндіріс ошақтары мен жылыжайларда электр қуатына тапшылық жойылады. Ал тариф құны шамамен бір айда төмендейді. Қазір станцияда 12 маман жұмыс істейді.

Гүлнар Әбитова, жобаның даму жөніндегі директоры:

Осы 3 жел генераторы Ақшұқыр ауылын толық қамтиды. Электр энергияны өндіруге желдің қуаты жеткілікті. Сондықтан бұл өндірістің құны да әлдеқайда төмен. Осыған сәйкес, соңғы тұтынушы, яғни тұрғындар аз қаражат төлейді. Болжам бойынша, тариф құны 30 %-ға төмендейді.

 

Хабарламаларға жазылу