Аружан Саин 42 500 теңге жәрдемақыны отбасындағы балалар санына қарай беруді ұсынды

15.07.2020
Аружан Саин 42 500 теңге жәрдемақыны отбасындағы балалар санына қарай беруді ұсынды

Балалар құқықтары жөніндегі уәкіл Аружан Саин 42 500 теңге жәрдемақыны отбасындағы балалар санына қарай беруді ұсынды.

«42 500 теңге әлеуметтік төлемімен келіспеймін. Мен балалардың санына қарай көмек көрсетуді ұсынамын. 42 500 теңге алатын ересек адамның бір немесе бірнеше баласы болуы мүмкін. Жауапты мемлекеттік органдар Ресей тәжірибесіне назар аударса деймін. Ол елде жәрдемақы бала санына қарай беріледі», - деді А.Саин.

Ол бұл мәселені жедел қарастыру қажеттігін атап өтті.

«Біз үшін карантин – күтпеген оқиға болды. Бұл наурыз-сәуірдегідей қатаң карантин емес, дегенмен оны қайтадан енгізетінін ешкім күтпеді. ҚР Қаржы министрлігі, Еңбек министрлігі тарапынан бұл мәселені жедел түрде қарастыру қажет. Ресми түрде бұл ұсынысты ешқайда жібермедім. Өз командамыз ішінде ғана талқыладық. Бүгінгі эфирді пайдалана отырып, көпшілікке жариялағым келеді. Ресми түрде қажет болса, оны да жіберемін», - деді Аружан Саин.

Хабарламаларға жазылу